Павлодарлық оқушылар «IQ fest» зияткерлік ойынында өз білімдерін көрсетті

23 Маусым 2019, 17:13
1657
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар «IQ fest» зияткерлік ойынында өз білімдерін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қалалық ойын-сауық орталығында «Керемет» жазғы жобасының «IQ fest» бойынша II тур өткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Зияткерлік байқауға қаланың 21 жалпы білім беру мектебінен 269 оқушы қатысты. Байқау шарты бойынша балалар «IQ fest» - «Таңғажайып квадрат», «Логикалық басқатырғыш», «Полиглот», «Что? Где? Когда?», «Сөзжұмбақты шеш, жұмбақты тап», «Мақалды шеш» станциялары бойынша саяхат жасады. Осылайша берілген тапсырмаларға сәйкес таңдалған жауапты дәлелдеу үшін өздерінің білімдері мен іскерліктерін көрсетуге тырысты», - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

«Таңғажайып квадрат» станциясында № 39 мектеп командасы өзінің креативтік ойын көрсетіп, логикалық тәсілмен ойжұмбақтарды шешті. «Полиглот» станциясында № 16, 43, 34 мектеп командалары қазақ, ағылшын, орыс тілінде білімдерін көрсетті.

Әрбір команданың қорытынды бағасы барлық станцияда командаға ұпай жалпы көрсеткіш санынан қойылды. Нәтижесінде 6 жүлделі орын анықталды. Оның ішінде I дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ «Stars» командасы, II дәрежелі дипломмен № 16 мектептің «Динамид» командасы, № 43 мектептің «Бүркіт» командасы, III дәрежелі дипломмен № 9, 14, 25 мектеп командалары марапатталды.

«Логикалық басқатырғыш» номинациясымен № 26 мектеп командасы, «Полиглот» номинациясымен - № 34 мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 6, 21, 29, К. Макпалиев атындағы ЖОМ оқушылары дипломмен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы