Павлодарлық оқушы мұз сүңгіден зардап шекті

6 Наурыз 2019, 20:55
2277
Бөлісу:
Павлодарлық оқушы мұз сүңгіден зардап шекті

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында 16 жастағы оқушының үстіне мүз сүңгі құлап, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің үстіне жарты метрлік мұз құлаған. Оқыс оқиға Павлодар қаласындағы Короленко көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің аумағында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, жарақаттанған бала туралы шақырту түскен кейін шыққан.

«2003 жылы туған бала дереу ауруханаға жеткізілді. Оған бас-ми жарақатының жабық түрі диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Диагностикалық шаралар тағайындалды», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Бұл оқыс оқидаған соң жергілікті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жедел жиын өткізгені белгілі. Нәтижесінде пәтер иелері кооперативтері мен жекеменшік ғимараттардың иелеріне сүңгілерді дер кезінде тазарту тапсырмасы берілген.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығында 1300-ден астам тұрғын үй бар. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының екінші бөлігінде күн жылынады. Сондықтан, коммуналдық қызмет мамандары тұрғындарға абай болуға шақырады. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы