Павлодарлық «Майдан жолы» жасағының сарбаздары Ресейге аттанады

16 Сәуір 2019, 18:39
1964
Бөлісу:
Павлодарлық «Майдан жолы» жасағының сарбаздары Ресейге аттанады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Майдан жолы» жасағының сарбаздары «Батырлар жолымен» халықаралық жобасы аясында 314-атқыштар дивизиясының ұрыс жерлеріне аттанбақ.

Жасақ мүшелері биылғы жылғы сапарларын Ленинградтың жаудан азат етілуінің 75 жылдығына арнамақ. Сарбаздар қауымы 314-атқыштар дивизиясының соғысқан жерлеріне сапарлап, жауынгерлердің сүйегін көтеруге ниетті. Дивизияның 75%-дан астамын Солтүстік Қазақстан облысынан тартылған азаматтар құрағаны тарихтан белгілі. Ержүрек жауынгерлер 1941-1942 жылдардың қақаған қысында неміс және фин әскерлеріне Ленинград төңірегіндегі блокаданың екінші орамын ашуға жол бермей, кейін азат етті.

«Біз қантөгіс болған жерлерді аралап, сарбаздардың сүйектерін іздейміз. Сонымен қатар, қасиетті жерге Кингисепп қаласының қираған ғимараттарының қабырғасы бейнеленген ескерткіш орнатамыз. Белгі қызыл-қоңыр граниттен соғылған. Ескерткіштің іргетасына Павлодар теміржолының бұрынғы ғимараты орналасқан жердің бір уыс топырағы салынған капсуланы орнатпақпыз», - деді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.

 Отряд мүшесі Асхан Мұқановтың айтуынша, қазіргі уақытта 314-атқыштар дивизиясының ерлік жолы зерттеліп жатыр.

«Тарих пәнінің мұғалімі ретінде мен үшін Ұлы Отан соғысының тақырыбы аса маңызды. Қазіргі уақытта әскери құрылымның тарихын зерттеп жатырмыз. 1078 және 1076-полктердің құрамында павлодарлық жігіттер болғаны белгілі», - деді Асхат Мұқанов.

Осы жолғы еске алу вахтасында жасақ мүшелері Павлодар қаласындағы «Отан үшін құрбан болған» ескерткішін қалыпқа келтірмек. «Жалғыз сарбаздың ескерткіші» атауымен көпшілікке танылған ескерткіш тұрған орыннан 1941 жылы өңірден 46 мыңнан астам азамат фронтқа аттанған. Олардың тең жертысы туған жердің төсіне оралмады.

Айта кетейік, «майдан жолы» жасағы 10 жылдың ішінде Ресей жерінде шейіт болған қазақ жауынгерлеріне арналған 20-дан астам ескерткіш орнатты.

Өзгелердің жаңалығы