Павлодарлық кәсіпкерлер індетпен күрес жолында күш біріктірді

17 Шілде 2020, 20:25
1273
Бөлісу:
Павлодарлық кәсіпкерлер індетпен күрес жолында күш біріктірді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің кәсіпкерлері індетпен күрес жолында күш біріктірді. Бүгін бизнесмендер провизорлық госпитальдерге Бобров аппаратары, дәрілік препараттар мен 1400 литрден астам ауызсу жеткізіп берді.

Провизорлық госпитальдерге қолдау көрсеткендердің қатарында Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Михаил Желнов үш Бобров аппаратын сатып алып, үш медициналық мекемеге жеткізіп берді.

Коронавируспен күресте медицина мамандарының еңбегі өлшеусіз. Олардың қатарында дәрігерлер, медбикелер, фельшерлер, жедел-жәрдем қызметінің жүргізушілері бар. Сондықтан, күрделі аурумен күресу үшін кәсіпкер ретінде өз көмегімді көрсеткім келеді. Бұған дейін ауруханаларға бетперделер, кір жуу машиналары мен ауызсу апарып бердік. Міне, енді Бобров аппараттарын сатып алдық. Құрылғылар Түркияда жасалған. Бұл аппараттар адам өмірін сақтауға сеп болады деген сенімдемін, - дейді Михаил Желнов.

Тағы бір кәсіпкер Қобланбек Қожин шағын және орта бизнес өкілдерімен бірлесіп, провизорлық орталықтарға жалпы сомасы 1,5 млн теңге болатын дәрі-дәрмектерді тарту етті. Атап айтқанда, фторхмиолин, азитромицин, парацетамол, аспирин, тромбоасс, клексан сияқты препараттар алынды.

Қазақ "Көп түкірсе - көл" дейді. Кәсіпкерлік саласында "әлеуметтік жауапкершілік" деген ұғым бар. Бизнесмендер әкімшілікке қарап қалмай, қолдарынан келгенше көмек қолын созғаны дұрыс. Бүгінгі шараны айтпағанда бұған дейін кәсіпкерлер 12 млн. теңгенің көмегін көрсетті. Мәселен, төсек құралдары, перометр, термометр, седициналық ыдыс-аяқтар сатып алып бердік. Барлығымыз бір үйдің баласындай шама келгенше көмек көрсету керек деп ойлаймын, - дейді Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобланбек Қожин.

Қайырымдылық шарасы барысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері облыстық кардиохирургиялық орталық мамандарына "Денсаулық себеттерін" табыстады. Бұл себетті адам иммунитетін көтеретін құнарлы азық жинақталған. Оның құрамында қымыз, бал, жеміс-жидектер мен шай бар.

Айта кетейік, "Денсаулық себеті" акциясы бүгін бастау алды. Алдағы уақытта шара кәсіпкерлер тарапынан қолда табады деген үміт бар.

Өзгелердің жаңалығы