Павлодарлық бишілер Грекияда ең үздік атанды

20 Маусым 2019, 14:35
2193
Бөлісу:
Павлодарлық бишілер Грекияда ең үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Rонкурс бағдарламасы «Alexandreio» аймағының ең ірі концерт залында өткен. Ал гала-концерт пен марапаттау рәсімі Жерорта теңізі пальмаларымен қоршаған Лутраки курортының орталық алаңында ұйымдастырылған. Бұл туралы М.Катаев атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыс бағдарламасы Ион теңізінің жаңында күннің батуымен тұспа-тұс келді. Конкурсқа Белоруссия, Ресей, Украина, Грузия, Грекия, Литва, Молдова елдерінен өнерпаздар келді.

Қазақстаннан жерінен оқушылар сарайының «Блэйз» және «Тип – Топ» екі эстрадалық үлгілі студиялары қатысқан. «Блэйз» студиясының жас бишілері «Мечты сбываются», «Дыхание», «Танец степей», «Мегаполис», «Пробуждение», «Однажды» атты билері алты номинация бойынша алты бірінші орынға ие болды.

«Тип – Топ» студиясының ең кішкентай бишілердің дайындаған билері жеңіс қоржыны бір бірінші орын, екі екінші орынмен толықты. Халықаралық қазылар алқасы біздің билердің сұлулығына және әртүрлілігімен қызықты сюжеттері үшін жоғары баға берді.

«Жердің түкпір-түкпірінен келген барлық қатысушылар өздерінің ұлттық билері бойынша шеберлік-сыныптары танымдық кәсіби деңгейде өткізілді. Фестивальдің барлық қатысушылары біздің көрсеткен қазақ ұлттық билерін зор ынтасымен қабылдады. Біз көрермендерге конкурсқа дайындаған биден басқа, «Мираж степей» атты биімізді сыйға тарту еттік. Қай сайыс болмасын бұл – балалар үшін оқу және әр елдің ұжымдары бірігіп, бір-біріне көмекке келеді. Біздің тәрбиеленушілеріміз конкурстық бағдарламадан тыс таңғажайып жарқын Грекия елімен танысты және Ион теңізінің мөлдір таза суына тәнті болды», - деді «Блэйз» эстрада үлгілі студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина.

 

Өзгелердің жаңалығы