Павлодарлық базарларда пияздың талапқа сай емес екені анықталды

24 Қаңтар 2019, 14:48
2482
Бөлісу:
Павлодарлық базарларда пияздың талапқа сай емес екені анықталды

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласының базарларында «Нитратсыз денсаулық» акциясы аясында көкөністердің құрамындағы нитратты анықтау мақсатында экспресс зерттеу жүргізілген. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Қауіпсіз тамақтану бойынша сатып алушылардың арасында сауалнама ұйымдастырылды. Оған қоғам денсаулығын қорғау департаментінің өкілдері мен депутаттар қатысты. Зерттеу нәтижесінде пияздың құрамында нитраттың шамадан тыс артқаны анықталды. Базарлардың басшыларына бұл кемшілікті жою және құрамында нитраты бар тауарларды өткізбеу бойынша нұсқама берілді», - деді облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова өңірлік әкімдікте өткен жиында.

Сонымен қатар, депутаттардың бастамасы бойынша департаменттің мамандарымен бірге облыс орталығындағы дүкендердегі балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне мониторинг ұйымдастырылған.

Зерттеу нәтижесінде Еуразия экономикалық одағы техникалық регламентінің сақталмауы фактілері анықталған. Қауіпті өнімдер саудадан алынып тасталған. Дүкендердің басшыларына санитарлық-эпидемологиялық қауіпсіздік саласындағы олқылықтарды жою тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы