Павлодардан Нұр-Сұлтанға 32 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді 

6 Сәуір 2020, 13:34
1414
Бөлісу:
Павлодардан Нұр-Сұлтанға 32 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді  
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірушілері Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек жіберді.

Шаруалар карантиндегі елорда тұғындарын қолдау мақсатында гуманитарлық көмектің 32 тоннасын жөнелтті. Еріктілердің айтуынша, тауарлардың дені бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен медициналық қорғаныс бұйымдары. Атап айтқанда, күнбағыс майы, шай, макарон, жарма өнімдері, ұн, тұз бар. Сонымен қатар, Ертіс өңірінде өсірілген картоп та көптеп жөнелтілді. Нақтырақ айтқанда, 12 түрлі азық түлік жиналған. Қайырымды істің басында өңірдегі "Ертіс-Агро" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мүшелері тұр.
Елімізде коронавирус инфекциясы өршіп тұр. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына ауыр салмақ түсіп тұр. Біз болсақ, отандастарымызды қолдауымыз қажет. Бұл қайырымды іске үн қосушылар да табылып кетті. Біздің көмек теңізге тамған тамшыдай болса да, жақсы қолдау болады деп ойлаймын. Жалпы, қайырымдылық акциясы - өзіміздің идея. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау палатасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен байланысқа шығып, ұсыныс білдірді. Біздің мақсат - аз қамтамасыз етілген, көпбалалы жанұяларға көмек көрсету. Осылайша, вируспен күрес жұмыстарына атсалысқымыз келді, - дейді "Ертіс Агро" АӨК-нің төрағасы Ерлан Тоқтұшақов.

Айта кетейік, елордаға 2000 азық-түлік жиынтығы жөнелтілді. Әр жиынтықтың салмағы 16 келіден асады.
   

Өзгелердің жаңалығы