Павлодардан елордаға дейінгі ұшақ билеті арзандады

22 Қыркүйек 2019, 13:25
1715
Бөлісу:
Павлодардан елордаға дейінгі ұшақ билеті арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Павлодар қаласынан Нұр-Сұлтанға дейін 5 мың теңгеге ұшуға болады.

«Енді Павлодар қаласынан Нұр-Сұлтанға небәрі 4999 теңгеге жетуге болады. Сапарды 4 қазаннан бастап орындаймыз. Билеттерді ‪flyarystan.com сайтынан сатып алыңыздар. Оған қоса 6999 теңгеден басталатын Павлодар-Алматы бағыты туралы естеріңізге саламыз», - делінген Flyarystan компаниясының Facebook-тегі парақшасында. 

Мәліметке сай, 4 қазанда басталатын жаңа рейсті 180 орындық Airbus A320 әуе кемесі күнделікті орындамақ. 

Еске салсақ, 3 қыркүйек күйі аталған әуе компания Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыты бойынша әуе билеттерді 5 999 теңгеден бастап сата бастағандығын хабарлаған еді. Сол кездің өзінде Павлодар әуежайы аймақтағы жолаушылардың санын көбейту үшін FlyArystan-ға және өзге әуе компанияларға қолдау көрсетсе, Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытындағы билеттің құнын тағы 1 мың теңгеге төмендетуге дайын екендігін білдірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы