Бас жаңалықтар
Павлодарда жеті шелпек пісіру бойынша шеберлік сағаты өтеді
16 Қазан 2019, 09:52 481

Павлодарда жеті шелпек пісіру бойынша шеберлік сағаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында құрылған жастар клубы қазақтың ұлттық тағамы - жеті шелпек дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Шелпек - майға қуырылған құймақ. Бұл - қазақтың ұлттық тағамдарының қасиетті дәмнің бірі. Жүздеген жыл бұрын дайындалған. Әртүрлі аймақтарда рецепт әртүрлі:  суға, айранға илейді. Бірақ қарапайым рецепт - сүтке илеу. Дайындық кезінде Жаратушыға ризашылықпен құлшылық етіп, таза ниетпен жақындарының, туыстарының денсаулығы мен амандықтары үшін және ата-бабаларының тынышталуы үшін дұға етеді. Әдетте 7-ден 9-ға дейін немесе қонақтарды күтіп жатса, 3-7 шелпек жасалады", - дейді орталықта.

Шелпек дайындау үшін әрқашан қолда болатын қарапайым өнімдер пайдаланылды. Бұл - ұн, сүт немесе су, май, тұз, қант. Қыздарға арналған "Жеті шелпек" шеберлік сабағы өтеді. Онда әжелер қазақтың ұлттық тағамдарының бірі туралы әңгімеп, қалай пісіру керектігін де көрсетеді. Шараның негізгі мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, қазақ халқында қыз тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасылық қатынастарды нығайту. 


Фото: дереккөз
Загрузка...