Павлодарда жас медицина мамандарына 1 млн теңге жеке көтермеақы беріледі

4 Мамыр 2022, 01:20
1553
Бөлісу:
Павлодарда жас медицина мамандарына 1 млн теңге жеке көтермеақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал аудандарға барған мамандарға 1,5 млн теңге берілмек, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов өңірде инфекционист мамандарының жетіспеушілігі шешіліп жатқанын айтты.

Қазір облысымызда мамандар әкімдік есебінен резидентураға оқытуға жіберілуде. Өткен жылы 124 маман жолдама алды. Сондай-ақ былтыр 14 резидент келді. Ішінде инфекционист те бар. Бүгінде инфекционист мамандар жеткілікті. Алайда, пандемиядан алған тәжірибеміз бойынша инфекционистерді оқытуды жалғастырамыз. Мұндай мамандар жыл сайын келеді деп ойлаймын, - деді Айдар Сейітқазинов.

Оның айтуынша, биыл барлық бағыт бойынша 59 маман резидентураға жіберілмек. Соңғы кезде халық тарапынан медицинаның белгілі бір салаларының мамандарына қабылдауда кезекті ұзақ күтетіні туралы айтылуда.

Сондықтан тек инфекционист емес, бізге гинеколог, невроптолог, гастроэнтеролог, невропотолог, нефролог сияқты мамандар да қажет, - деді басқарма басшысы.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін облыста жас мамандарға берілетін көтермеақы көлемі артқан.

Бұл шешім мәслихатта бекітілді. Жергілікті бюджеттен қалаға жұмысқа келген жас маманға 1 млн, ауданға баратын маманға 1,5 млн теңге беріледі. Бұдан бөлек, аурухана өзі көмек көрсетеді. Сондай-ақ республикалық бюджеттен көтермеақы бар. Әкімдік есебінен де көмек беріледі. Баспана жалдау ақысы немесе қызметтік пәтер беріледі. Жуырда Екібастұзда екі жас маманға пәтер берілді, - деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, басқарма өкілдері мамандарды тарту үшін еліміздің оңтүстік өңірлеріне, Семейге, Қарағанды мен Нұр-Сұлтанға барып, бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізген.

Өзгелердің жаңалығы