Павлодарда жаңа екі шағын аудан салынуда

10 Ақпан 2021, 14:21
1557
Бөлісу:
Павлодарда жаңа екі шағын аудан салынуда
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандары бой көтеруде. Биыл облыс орталығында 24 көпқабатты үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Халықты тұрғын үймен қамту - маңызды мәселелердің бірі. Өткен жылы 200 шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді. Яғни, 15 көпқабатты үй салынды. 1000-нан астам пәтердің иесі табылды. Қазір екі шағын аудан құрылысы жүруде. «Сарыарқа» шағын ауданында 12 нысан, ал жаңа «Достық» шағын ауданында бес үй салынды. Алдағы уақытта тағы алты үйдің құрылысы басталады деп күтілуде. Сонымен қатар жекеменшік инвестициялар есебінен бес үй салынады деп күтілуде. Жалпы аумағы - 115 мың шаршы метр, - дейді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекөл ауылының маңында бір типті 37 жер үйдің құрылысы аяқталуда.

Айта кетейік, «Достық» шағын ауданында бірнеше тұрғын үй қолданысқа берілгенімен, тұрғындар пәтер кілттерін ала алмай жүр. Себебі, жылу желілері тартылмаған. Салдарынан жинақтаушы банк арқылы қаражат жинаған тұрғындар өз пәтерлеріне кіре алмай отыр. Жауапты мекеме өкілдері жылу жүйесін тартуға байқаудың кеш жарияланғанын жеткізді.

Өңірде қала көшелеріне асфальт төсеу науқаны жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 40 шақырымдық көшеге жол төселді. Бірнеше шағын ауданда асфальт пайда болды. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 12 көше бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар биыл 100 аула абаттандырылады.

 


Өзгелердің жаңалығы