Павлодарда зарарсыздандыру құралдарының өндірісі 2 есеге артқан

26 Маусым 2020, 01:25
1581
Бөлісу:
Павлодарда зарарсыздандыру құралдарының өндірісі 2 есеге артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде күшейтілген режимде зарарсыздандыру құралдарын шығару үшін сертификаттар мен рұқсат беру құжаттарын қысқа мерзімде ұсыну мәселесі шешім тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Владимир Платов мәлім етті.

Пандемия кезінде Мемлекет басшысының үндеуіне үн қатып, зарасыздандыру шараларын өте белсенді жүргізген негізгі кәсіпорындардың бірлескен іс-әрекетін атап өткім келеді. Нәтижесінде антисептик өндірісі екі есеге өсті. Оның ішінде "Бона", "Казбытхим" сияқты негізгі компаниялары бар. Сондай-ақ бұл тізімге 2 тоннаға дейін зарасыздандыру құралдарын шығара алатын жаңа кәсіпорын "Гранд" қосылды, - деді Владимир Платов.

Басқарма басшысы бес айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте өсудің оң серпіні сақталғанын атап өтті.

Өнеркәсіп кәсіпорындары 832,2 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл - өткен жылдың тиісті кезеңінен 4,2% жоғары. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 512,6 млрд теңге немесе 100,6%. Маска тапшылығын жою мақсатында "Мерусар и К","Светлана", "Казпрофбезопасность", "Нефтехим ЛТД" және "Шебер" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үлкен жүктемемен жұмыс істеді. Сонымен қатар қызметкерлердің жартысы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Соның арқасында ірі кәсіпорындар тұрақтылықты сақтап қалды, - деді Владимир Платов.

Өзгелердің жаңалығы