Павлодарда заңсыз жүрген 79 шет ел азаматы анықталды

18 Қаңтар 2019, 09:57
2137
Бөлісу:
Павлодарда заңсыз жүрген 79 шет ел азаматы анықталды

Астана, BAQ.KZ. Шетел азаматтарының елімізге келу ережесін бұзуын анықтау және жолын кесу, заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету мақсатында Павлодарда 16-20 қаңтар аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Рavlodarnews.kz

«Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы күні облыс бойынша Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 79 шет ел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа 35 әкімшілік материал жолданды. Оларды қарау нәтижелері бойынша ТМД елдерінің сегіз азаматына қатысты елден шығару жөнінде шешім қабылданды. Біздің елде болу ережесін бұзғандары үшін жақын шет елден келген 61 азаматқа Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі қысқартылды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ шет ел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 4 факті анықталды. Барлық фактілер бойынша жұмысқа шет елдіктерді заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБК 519-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасында болу ережесін сақтауды қамтамасыз етпегендері үшін ҚР ӘҚБК 519-бабына сәйкес ҚР 15 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалға, қаладағы автокөлік жуу орындарының бірінде Қазақстан Республикасының азаматы жеке тұлға бола тұра, еңбекке тартуға жергілікті атқару органының рұқсаты жоқ Өзбекстан Республикасының алты азаматын автокөліктерді жууға жалдаған. Осылайша ҚР ӘҚБК 519-бабының 1-бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылыққа жол бергені анықталды. Оған 30 АЕК (37 875 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы