Бас жаңалықтар
Павлодардағы бұрынғы колония 1 теңгеге сатылуы мүмкін
16 Қазан 2019, 12:07 254

Павлодардағы бұрынғы колония 1 теңгеге сатылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы бұрынғы колония 1 теңгеге сатылуы ықтимал. Аукционға құны 123 млн теңге деп шығарылған түрмені әзірге ешкім алуға ниет білдірмеді. Сөйтіп сауда-саттық кейінге шегерілді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

"162/5 мекемесінің сауда-саттығы бүгін өткізілмеген болып саналады. Себебі қатысушылар саны екіден төмен болды. Келесі сауда-саттық 20 жұмыс күнінен кейін өткізіледі. Яғни минималды бағасы белгіленген. Бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі", - деді Павлодар облыстық жекешелендіру және мемлекеттік мүлік департаментінің бөлім басшысы Ләззат Естаева. 

Бірінші кезең бағаны көтеру әдісімен жүргізілген. Ал екіншісінде керісінше, түсіру тәсілі қолданылады. Жалпы сомасы 61 млн теңгеге алушы табылмаса, бағаны шексіз төмендету жолымен небәрі 1 теңгеге сатылуы ықтимал. Түрме кезінде түберкулезбен ауыратындар жазасын өтейтін мекеме болған. 

Мұнда әкімшілік ғимарат, асхана, қойма, гараж бен киім жуатын орынға дейін бар. Адамның аз болуына қатысты түрме 5 жыл бұрын жабылып, 124 сотталушы жан-жақтағы колонияларға ауыстырылыпты. Ал ғимараттардың барлығына санитарлық тазалық жүргізілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...