Бас жаңалықтар
Павлодарда темір жолдың бойындағы құрғақ шөп өртенді
10 Мамыр 2021, 13:16 224

Павлодарда темір жолдың бойындағы құрғақ шөп өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт үш сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт Ленин кентінде шыққан.
9 мамыр күні сағат 21:32-де Павлодар қаласына қарасты Ленин кентінде темір жолдың бойында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт Космонавттар көшесі жағынан бастап, Ленин кенті мен Спутник станциясы аралығында жайылған. Ашық алаңдағы алты учаскеде құрғақ шөп жанды. Учаскелердің көлемі 1,5 гектар, 2,5 гектар, 1,5 гектар, 500 шаршы метр, 5 гектар, 10 гектарды құрайды. Өрт сағат 00:35-те өшірілді, - деді департаментте.

Департаменттің хабарлауынша, өрттен келген шығын жоқ. Апаттың орын алу себебі - адамдардың отты абайсыз қолдануы. Оқиға орнына 2 техника мен жеке құрамның 6 адамы жұмылдырылды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...