Павлодарда студенттік театр фестивалі өтті

30 Сәуір 2019, 10:34
2120
Бөлісу:
Павлодарда студенттік театр фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы жібек жолындағы кездесулер» атты республикалық студенттік театр фестивалі өтті.

Шараның мақсаты - Қазақстандағы кәсіби емес студенттік театрды, жастар шығармашылығын дамыту және көрермендерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу.

Фестивальді университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөннідегі департаменті, «Рухани жаңғыру» институты ұйымдастырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шараға Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Семей және Павлодар қалаларының студенттік театрлары мен шығармашылық бірлестіктері қатысты. Жергілікті университеттің «Мұрагер» шығармашылық ұжымы конкурстан тыс өнер көрсетті.

"Фестивлаь үш кезең бойынша өтті. Жастар өз топтарын таныстырып, «тарихи қойылым» атты үй тапсырмасын көрсеттіі. Қатысушылар үшін импровизация кезеңі оңай болған жоқ. Жастар шағын уақыт ішінде сахнада тапсырылған қойылымды сахналап шығу керек болды. Қазылар алқасы таңдалған репертуар, актерлік шеберлік, образдарды ашу, сонымен қатар, режиссерлік ойды бағалады", - делінген таратылған ақпаратта.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынға Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Дала» командасы ие болса, екінші орынды Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Ақберен» шығармашылық бірлестігі алды. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Шаңырақ» құрамасы үшінші  орынды иеленді.

Жеңімпаз командалар 100 000, 50 000 және 30 000 теңгенің ақшалай сертификаттарына ие болды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы