Павлодарда стритбол алаңдары жөнделеді

27 Маусым 2020, 03:40
1265
Бөлісу:
Павлодарда стритбол алаңдары жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 2019 жылы 56 стритбол алаңы орнатылған. Ал биыл олардың 19-ы жөндеужұмысын қажет етеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде жасанды жабындысы бар 56 стритбол алаңы тексерістен өтіп, олардың 19-ында жөндеу жұмыстарын өткізу қажеттілігі анықталды. Қалған 37-сі қанағаттандырарлық күйде.

Жөнделуі қажет 19 стритбол алаңы тамыз айында аяқталуы тиіс гарантиялық міндеттемелерге сәйкес ретке келтіріледі. Кепілдіктерге сәйкес 31 баскетбол қалқаны шындалған шыныдан фанералық негіздегі қалқанға ауыстырылады, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сстритбол алаңы үй ауласына қала тұрғындарының өтініші бойынша орнатылған.



Өзгелердің жаңалығы