Бас жаңалықтар
Павлодарда «Сіз латын қарпін білесіз бе?» акциясы өтті
18 Қаңтар 2019, 11:47 482

Павлодарда «Сіз латын қарпін білесіз бе?» акциясы өтті

Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен тұрғындар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында «Сіз латын қарпін білесіз бе?» акциясы өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Қалалық мәдениет және демалыс саябағы, Жеңіс алаңы сияқты адам көп жүретін орындарда тұрғындардың арасында «Латын графикасына көшетініміз туралы білесіздер ме?» деген сауал қойылды. Қаншалықты әліпбимен таныс екені туралы сұрадық. 100 шақты тұрғынның 90 пайызы бұл жаңалықтан хабардар екенін білсе, 60 пайызы әліпбимен таныс екенін айтты», - дейді тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Самат Құшмғұлов.

Аталған шараның мақсаты – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.

Акция барысында тұрғындардан сұхбаттар алынып, ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар латын қаріптері көрсетілген жадынамалар ұсынылды.

 

Сізден жаңалық