Бас жаңалықтар
Павлодарда шаңғы жарысы бойынша ел чемпионаты басталды
PHOTO
24 Ақпан 2021, 13:32 264

Павлодарда шаңғы жарысы бойынша ел чемпионаты басталды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған чемпионат басталды. Бірнеше күн өтетін байрақты бәсекеге еліміздің 10 облысынан 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. 

Жасөспірімдер арасындағы жарыс Павлодар облысында осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Дода ұйымдастырушыларының айтуынша, аймақта республикалық жарыстарды өткізуге бар жағдай жасалған. Биылғы чемпионат дәстүрлі түрде Зеленая роща шаңғы базасында өткізілді. 

Бақ сынауға келген ұл-қыздар бірнеше күн бойы Қазақстанның юниорлар құрамасының мүшесі атануға барын салмақ. Спортшылар үш және бес шақырымдық қашықтықты еңсеру керек. 

куча1.jpg


Жарыстың бас төрешісі Евгений Кисляковтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады. 

Коронавирус жайлаған кезде еліміздегі көптеген жарыс ұйымдастырылмай қалғаны белгілі. Бірақ дәстүрлі чемпионатымыз жылдағыдай өтіп жатыр. Осы жолы классикалық және спринтерлік жарыстар жоспарланған. Сонымен қатар эстафеталық жарыс қарастырылған. Алғашқы күні жасөспірімдер 3 және 5 шақырымдық қашықтық бойынша жарысады. Бұл додалардың маңыздылығы зор. Оның қорытындысы бойынша барлық жастағы жасөспірім ұлдар арасында құрама командалар жасақталады. Сонымен қатар осы жастар - ертең еліміздің ұлттық құрамасына енетін спортшылар, - дейді Евгений Кисляков.
куча2.jpg

Айта кетейік, ертең Германияда ересектер арасында әлем чемпионаты басталады. Ел намысын қорғайтын шаңғышылардың қатарында павлодарлық Анна Шевченко, Ирина Быкова және Дария Решко бар.

 



Фото: автордан
Загрузка...