Павлодарда қаржы қызметкерлері 500 түп көшет отырғызды

15 Сәуір 2019, 19:47
1593
Бөлісу:
Павлодарда қаржы қызметкерлері 500 түп көшет отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Павлодар қаласының Усолка шағын ауданына қаржы қызметкерлері 500 түп жас ағаштар отырғызды.

Бұл шара облыста аймақты көгалдандыру, елді-мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы шеңберінде ұйымдастырылуда.

«Біз қала аумағына 500 түп ағаш көшетін отырғызу арқылы облыс әкімдігінің бастамасын жоғары деңгейде қолдау туралы шешім қабылдадық. Ағаш отырғызуға ForteBank-тің 60 қызметкері және олардың отбасы мүшелері қатысты. Қаржы саласының қызметкерлері Усолка шағын ауданындағы аумақты қоқыстан тазартып, тал көшеттерін екті. Оның технологиясын сақтауға банк басшылығы таратқан көгалдандыру бойынша мердігер компаниялардың білікті мамандары көмектесті», – деп атап өтті ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Павлодарда қаржы қызметкерлері 500 түп көшет отырғызды

Жаңадан егілген 500 түп ағаштың ішінде 60 түп көгілдір шырша, 260 түп жасыл шырша, 60 терек, 60 қайың және 60 түп шаған талы бар.


Өзгелердің жаңалығы