Бас жаңалықтар
Павлодарда президент сайлауына 500 мыңнан астам азамат дауыс береді
27 Мамыр 2019, 20:12 655

Павлодарда президент сайлауына 500 мыңнан астам азамат дауыс береді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен кезектен тыс президент сайлауына дайындық жұмыстарын талқылауға арналған семинар өтті.

Айта кетейік, бүгінгі күні әр сайлау бойынша тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылар тізімдері акт бойынша орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. Тізімдер тиісті ұйымдарға дауыс беруге 20 күн қалғанда тапсырылуы тиіс. Бекітілген құжаттарға сәйкес еліміз бойынша сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрады. Олардың 500 мыңнан астамы - павлодарлықтар.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров сайлау туралы заңнамадағы өзгерістер турасында әңгіме қозғады. Өзгертулерге сәйкес партиялық тізімдер бойынша пропорциялық жүйе енгізіледі.

«Бұл жүйе бойынша әр саяси партия бес жылда бір рет аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарға тізім әзірлейді. Жаңа жүйе «Бір азамат - бір дауыс» қағидатты бұзбай орындауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа жету үшін сайлаушылар туралы ақпарат ортақ электрондық жүйеге жинақталады», - деді Константин Петров.

Жалпы, Ертіс өңірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқанына дайындық қызу. Қазіргі уақытта аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелері оқу курстарына қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Бүгінгі күнге дейін екінші кезең аясында 100-ге жуық өкіл оқып шығып, сертификаттарға ие болды. Электоралды оқу мамыр айының соңында толық аяқталады.

Облыстық сайлау комиссиясы өкілдерінің хабаралуынша, маңызды саяси үрдіске 3 мыңнан астам азамат атсалысады деген жоспар бар. Аймақта кезектен тыс президент сайлауына 543 учаскелік және 14 аумақтық комиссия мүшелері қатыспақ.

   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...