Павлодарда полиция қызметкерлері 15 литрден астам қан тапсырды

20 Қараша 2021, 19:28
827
Бөлісу:
Павлодарда полиция қызметкерлері 15 литрден астам қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен донорлық эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Дәстүрлі түрде қан донациясы бойынша іс-шара Павлодар облыстық қан орталығы және Қазақстанның Қызыл Жарты Ай филиалымен бірлесіп өткізуде.

Ол дәстүрге айналып үлгерді. Акцияға барлығы 30 полиция қызметкері қатысып, 15 литрден астам қан тапсырды. Барлық процедуралар дәрігерлердің қатаң бақылауымен және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып жүргізілді.

Полиция қызметкерлері сауалнамадан және денсаулық жағдайын алдын ала бақылаудан өткізді. Осының нәтижесінде барлығы тәртіп сақшыларының жағдайы қан тапсыруға жарамды болды.

Менің ойымша, қан тапсыру өте маңызды. Өйткені көп жағдайда бір тамшы қан адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Жол-көлік оқиғалары, жазатайым оқиғалар, жедел операциялардан жапа шеккен мыңдаған адам қан құюға мұқтаж. Ал полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға әрдайым көмектесуге дайын, - деді полиция майоры Ирина Тимиргалиева.

Сондай-ақ акцияға қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдаудың әлеуметтік акциясына қатысты. Донорлар түскі асқа арнап ақшалай өтемақыны "Жақсылық қоржынына" сыйға тартты.

Медицина қызметкерлері полицейлерге қан тапсырып, өзгелердің өміріне немқұрайлы қарамағандары үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы