Павлодарда өртенген ғимараттан 17 бала құтқарылды

13 Желтоқсан 2020, 16:25
1976
Бөлісу:
Павлодарда өртенген ғимараттан 17 бала құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкеніндегі өрт сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

2020 жылғы 13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі, келтірілген залал анықталуда, - деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрттің көлемі 350 шаршы метр.

Өрт сағат 14.46-да ауыздықталып, сағат 15.06-да сөндірілді.

Айта кетейік, өрт орнына ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары 42 адам және 13 бірлік техника шықты.

Өзгелердің жаңалығы