Павлодарда Nissan көлігі жанып кетті

29 Қараша 2020, 18:25
1211
Бөлісу:
Павлодарда Nissan көлігі жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт туралы хабарлама 2020 жылдың 29 қарашасында сағат 00: 22-де тіркелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрттің қасақана қойылғанын айтады. Өрт Гагарин көшесі, 76/3 мекенжайында болған.

Өрт сөндіру командалары келген кезде 1999 жылғы Nissan Cefiro мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар жанып жатты.  Өрттің аумағы 0,5 шаршы метрді құрайды, - деп хабарлады департаментте.

Өрт сағат 00:36-да сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.Өрт шыққан жерге төтенше жағдайлар департаментінен 7 адам шықты.

Өзгелердің жаңалығы