Павлодарда Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ашылды

30 Желтоқсан 2020, 02:17
2112
Бөлісу:
Павлодарда Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім ордасы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша салынып, жабдықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Затон» шағын ауданындағы мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Нысан 2021 жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда мердігер белгіленген уақыттан бұрын салып бітірген. Мердігердің жұмысын құзырлы мекеме өкілдерімен қатар, ата-аналар қауымдастығы бақылады. 

Мектеп Павлодар облысының Шарбақты ауданында дүниеге келген ақын, жазушы «Балдырған» журналының негізін қалаған тарихи тұлға Мұзафар Әлімбаевтың атына берілген.

Мектептегі жасалған жағдай балалардың құлшыныспен білім алуына мүмкіндік береді деген ойдамын.Баршаңызды осындай маңызды оқиғамен құттықтаймын. Балалар мен ұстаздар тезірек партаға оралып, жаңа мектепте білім алуына тілектеспін, - деді Әбілқайыр Сқақов мектептің ашылуына видео конференция арқылы қатысқан оқушылар мен педагогтарға.

600 орынға арналған оқу ордасында барлық кабинеттер «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жабдықталған. Асханасында оқушылар дайындалған асқа баға бере алатын және басшылық тағамдардың сапасын бақылай алатын Е-pit жүйесі бар. Сонымен қатар, барлық танымал спорт түрімен айналысу үшін мектепте спорт залы жабдықталған.



Өзгелердің жаңалығы