Бас жаңалықтар
Павлодарда мектеп директорлары демалыс бөлмесінен бас тартып жатыр
28 Наурыз 2019, 16:32 333

Павлодарда мектеп директорлары демалыс бөлмесінен бас тартып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 30-дан астам мектеп директоры демалыс бөлмесінен бас тартты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлімдеді. 

«Жобалық кеңсе мектеп директорлары кабинеттерінің аумағы мен орналасу нормасына мониторинг жүргізді. Облыста 347 білім беру мекемесібар. Мектеп қабырғасындағы директорлардың демалу орындары бойынша 31 мектеп директорының демалыс кабинеттері анықталды. 88 мектеп директорының кабинеттері 2-ші және 3-ші қабаттарда орналасқан. Аталған мектептерге келушілерге қолайды жағдай жасау мақсатында жобалық кеңсе кабинеттерді бірінші қабатқа орналастыру ұсынысын жасады. Қазіргі таңда 40 мектеп директоры төменгі қабатқа көшті», - деді Мейрам Бегентаев брифинг барысында. 

Ол мектеп директорларына кең кабинеттерден бас тартып, оларды оқушылардың пайдасына жарату ұсынылғанын атап өтті. Нормаға сәйкес директорлар кішігірім кабинеттерге орналасып, үлкен кабинеттерде роботты техника, көркем еңбек, балалар психологы сыныптарын жабдықтау ұсынылды.

Сізден жаңалық