Павлодарда мектеп автобусы «КАМАЗ-бен» соқтығысты

6 Қазан 2021, 16:59
2297
Бөлісу:
Павлодарда мектеп автобусы «КАМАЗ-бен» соқтығысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин-Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. 

Салдарынан автобус «Фольксваген» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке барып соғылған.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы