Бас жаңалықтар
Павлодарда әлеуметтік дүкендер көбейді
08 Тамыз 2020, 12:42 266

Павлодарда әлеуметтік дүкендер көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мұндай сауда орындарының саны 10-ға артты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Павлодар әкімі Ержан Иманслям хабарлады. Оған қоса шаһар басшысы бағалар өсімін тұрақтандыру бағытында қолға алынған шаралар туралы баяндап берді.
Бағаларды тұрақтандыру және сауда орындарындағы бағалардың негізсіз өсуін болдырмау үшін 19 әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері әлеуметтік дүкендер желісі 26-дан 36-ға дейін кеңейтілді. Тұрақтандыру қорындағы азық-түлікті арзандатып өткізу де қолға алынған. Дүкендерді делдалдарсыз азық-түлікпен қамту үшін жергілікті тауар өндірушілермен 25 меморандумға қол қойылды, - дейді Ержан Иманслям. 

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылығында өнім өндіру көлемі 2,7 млрд теңгеге немесе сегіз пайызға артты. Азық-түлік өнімдерін шығару 14,8 пайызға өсті. 

Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аясында биыл жалпы құны 3 млрд теңгеге 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...