Павлодарда көлік апатынан екі адам көз жұмды

27 Маусым 2021, 14:24
6189
Бөлісу:
Павлодарда көлік апатынан екі адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алған жарақаттарынан 36 жастағы әйел мен 21 жастағы жігіт көз жұмды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Куәгерлерден редакцияға келіп түскен бейнежазбада апатқа ұшыраған екі шетелдік автокөлік көрінеді. Оның біреуі қатты жаншылған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «103» нөміріне қоңырау түнгі сағат үште түскен. Екі адам оқиға орнында көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті.

1997 жылы туған қыз ауыр ми жарақатын және травмалық шок алды, қазір ол комада. 1995 жылы туған ер адам мидың шайқалуымен, жабық бас сүйек-ми зақымы және көптеген омыртқа жарасымен ауруханаға түсті. Тағы бір 1997 жылы туған қыз миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы және омыртқа мойнының жарақатын алған, - деді басқармада.


Өзгелердің жаңалығы