Бас жаңалықтар
Павлодарда әкелер кеңесі құрылды
12 Ақпан 2019, 15:11 638

Павлодарда әкелер кеңесі құрылды

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің қоғамдық ұйым өкілдері әкелер кеңесін құру бастамасын көтерді. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынды.

Әкелер кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жанынан ашылды. Әзірге биылғы жылға арналған жұмыс жоспары мен негізгі мүшелерінің тізімі жасақталуда.

Идея авторларының бірі, ҚХА жергілікті өкілдігі жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Дмитрий Корепановтың айтуынша, жаңа ұйым аналар кеңесінің деңгейінде жұмыс атқаруды көздейді.

«Өкінішке қарай, қазіргі қоғамымызда ер азаматтардың отбасы құруға дайын болмайтын жағдайлар көптеп кездеседі. Соңы ажырасуларға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар, бүгінде әкелер институтының өзектілігі жоғалып бара жатқандай. Бұл олқылықтың орнын жою мақсатында жастар арасында тәрбиелік мәнге ие шараларда қолға алған абзал. Әкелер кеңесі бұл бағытта жұмыс атқаруды жоспарлауда. Бүгінгі күні осы тектес кеңестерді жоғары оқу орындары, қалалар мен аудандардағы ҚХА-ның жанынан ашу бойынша шаралар қолға алынды», - дейді Дмитрий Корепанов.

Айта кетейік, Павлодар облысы ажырасу көрсеткіші бойынша елімізде көш басында. Былтыр шаңырақ көтерген екі жарым мың жұптың, 1700-і айырылысып кеткен. Яғни, жас жанұялардың үштен бір бөлігі ғана толыққанды шаңыраққа айналады.

Алдағы уақытта жоспар негізінде ҚХА филиалының ғимараты жанынан ерлерге арналған дағдарыс орталығы ашылмақ. Бұл жерде қиын жағдайға тап болғандар құұқықтық және психологиялық көмек ала алады.

Әкелер кеңесі облыстағы аналар кеңесі күшелерінің тәжірибесін пайдаланбақ. Бүгінде кеңес құрамында «Асыл әже», «Имандылық», «Меруерт» клубы, «Мөлдір» жастар клубы, «Ару-ана» әжелер хоры, «Ақ әжелер» вокалды тобы, «Жеңеше» би ұжымы және «Назерке» жастар тобы жұмыс істейді. Облысымыздың қала-аудандарында филиалдары бар.

 

Ақмаржан Әділбек

Сізден жаңалық