Павлодарда кастингтен өткен жастар Ertis Promenade сахнасында өнер көрсете алады

15 Шілде 2019, 22:12
1885
Бөлісу:
Павлодарда кастингтен өткен жастар Ertis Promenade сахнасында өнер көрсете алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кастинг 16 шілде күні сағат 15:00-де облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Кастингтен өткендер Ertis Promenade сахнасында жаз мезгілінде өтетін концерттерде өнер көрсетеді.

«Кастингке 18-ден 35 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Өзімен бірге жеке куәлік пен флешка әкелу қажет. Онда кастинг қатысушысы орындайтын әннің минусовкасы алдын ала жазылуы керек. Қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де басталады», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 68-02-97, 68-03-00.

19 шілдеде қала күнін мерекелеу құрметіне Ertis Promenade жазғы сахнасында өзінің «По волнам» хитімен танымал ресейлік Burito тобы және қазақстандық The Jigits тобы өнер көрсетеді.

20 шілдеде павлодарлықтар танымал қазақстандық әртістер Дастан Оразбеков, Қайрат Баекенова, «Формат» тобы, сондай-ақ румындық Morandi тобының өнерін тамашалай алады.

Концерт сағат 19:00-де басталады, кіру – тегін.

Өзгелердің жаңалығы