Бас жаңалықтар
Павлодарда қарды дер кезінде тазаламағандарға айыппұл салынды
24 Ақпан 2021, 21:45 264

Павлодарда қарды дер кезінде тазаламағандарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер қала аумағында орналасқан ғимараттарды қардан тазарту жұмыстары бойынша рейд жүргізді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.


2021 жылдың басынан бері әртүрлі меншік нысанындағы субъектілерде тиісті аумақтарды абаттандыру бойынша 6 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 нысанның иесіне жалпы сомасы 605 800 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, – деді жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нұртаев.

Іс-шараны өткізу және қаланы аралау кезінде полиция қызметкерлері бір кәсіпорынның қызметкерлері өз аумақтарын қардан тазалап, қарды жалпы қалалық аумаққа шығару және жол бойында жинап, осы ауданда қауіпті су тасқыны жағдайын жасау фактісін анықтап, кәсіпорын иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қаласының әкімшілігі барлық шаруашылық субъектілеріне өздеріне тиесілі аумақтарды қарды тазарту және шығару жұмыстарын уақтылы жүргізуі тиіс екенін еске салады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...