Павлодарда көп балалы отбасыларға арналған баспаналарға 1,2 млрд теңге бөлінді

11 Шілде 2019, 20:41
1198
Бөлісу:
Павлодарда көп балалы отбасыларға арналған баспаналарға 1,2 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қаражат республикалық бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету аясында бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Республикалық бюджеттен облысымызға Екібастұз және Ақсу қалаларынан пәтер сатып алу үшін 1,2 миллиард теңге бөлінді», - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов.

Ақсуда 143 пәтерді сатып алу көзделген. Оның 57-сі Астана көшесі, 58 үй мекенжайындағы қайта жаңартылған ғимараттан көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ металлургтер қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйлерден тағы 56 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Рүстем Раисовтың айтуынша, сатып алынатын тұрғын үй кем дегенде 60 шаршы метрді құрауы тиіс және бір пәтердің құны 8,4 млн теңгеден аспауы қажет

Өзгелердің жаңалығы