Еліміздің үздік командаларының қатысуымен Jaidarman өтеді

14 Қараша 2019, 08:48
2082
Бөлісу:
Еліміздің үздік командаларының қатысуымен Jaidarman өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы әкімінің кубогі үшін 10 команда бақ сынасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық Jaidarman лигасының өкілі Серікболсын Қинаятов облыс әкімінің кубогіне өңірдің Павлодар, Екібастұз және Ақсу командаларынан басқа Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау және Семей қалаларының ұжымдары қатысатынын растады.

Ойын Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі. Көңілді тапқырлар клубының ойынына республикалық жоғары және премьер-лига командалары қатысады. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге, - дейді Серікболсын Қинаятов.

Әділ қазылар алқасын "Қазақстан КТК одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен бастайды деп күтілуде. Павлодар облысы әкімінің кубогі 20 қарашада Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.

 


Өзгелердің жаңалығы