Павлодарда екі жылдың ішінде 50 лифт ауыстырылады

7 Ақпан 2020, 14:42
1341
Бөлісу:
Павлодарда екі жылдың ішінде 50 лифт ауыстырылады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс оратылығындағы тозығы жеткен лифтілердің мәселесі "Өңірлерді дамыту-2020"  бағдарламасы шеңберінде шешімін таппақ. Былтырғы жылы Павлодардың екі көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы алмастырылған.

Жобаны жүзеге асыруға жергілікті лифт шаруашылығы ұйымы атсалысты. Жаңа жүйе бойынша тұрғындарғы 8 жылға пайызсыз қаржы бөлінеді. Енді әр пәтер иесі өз ыңғайлылығы үшін ай сайын төлем жүргізеді.

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтың хабарлауынша, бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Биылғы жылы 10 жеделсатыны алмастыру көзделген. Ал 2021 жылға қарай қаржыландыру көздерін тауып, тағы 50 лифтіні жағартуды жоспарлап жатырмыз, - дейді шаһар басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Павлодар қаласында 1400-ден астам көтергіш бар. Олардың мыңнан астамының қызметтік мерзімі аяқталып қалған. Бірақ, әлі де тұрғындардың игілігіне жарап отыр, әлі де қолданыста.

Аймақта "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді. Бағдарлама аясында қайтарымды қаражат есебінен 9 көпқабатты нысан қалпына келтіріліп, 70 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта тағы төрт үй жөнделуде. Облыс орталығында халықты баспанамен қамту мәселесі жіті назарда.

Қалада 203 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл "Сарыарқа" шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталады. Сонымен қатар, жаңа "Достық" шағын ауданындағы жұмыстарға кірісеміз. Былтыр бұл жерде алты үйдің құрылысы басталды. Құрылысқа жеке инвестициялар тартылуда. Мәселен, 39 мың шаршы метрлік төрт көпқабатты тұрғын үйді жеке компаниялар салып жатыр. Ал Кенжекөл ауылының Әуеқалашық ауданында бір типті 73 пәтерлік үй бой көтеруде, - дейді Қайрат Нүкенов.

Өзгелердің жаңалығы