Павлодарда дәрі-дәрмекті әлеуметтік желі мен дүкенде сатқандар ұсталды

10 Шілде 2020, 02:39
1301
Бөлісу:
Павлодарда дәрі-дәрмекті әлеуметтік желі мен дүкенде сатқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 8 фактісін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Заң бұзушы тұрғыннан 25 ампула новокаин, 25 ампула "цеф 3", 11 қаптама "зитмакс", 1 дана (таблетка) левозин және 15 ампула лидокоин тәркіленді. Осы факті бойынша елдің заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады, - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Басқа жағдайда Павлодар ауданы ауылдарының бірінде 6 шілде сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар жүргізу нәтижесінде Павлодар ауданының криминалдық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлері дәрі-дәрмектерді дүкенде сату фактісі анықталған.

42 жастағы ауыл тұрғыны азық-түліктен басқа, осы қызметке лицензиясы жоқ дәрілік препараттарды да өткізген. ҚР ӘҚБК 424-бабы 1-бөлімі бойынша (заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет) дүкеннің иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналып, денсаулық сақтау органдарына жіберілді. Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға берілетін болады, - деді департаменттен.


Өзгелердің жаңалығы