Павлодарда биыл жалпы ұзындығы 13,5 шақырым жылу желілері жөнделеді

12 Тамыз 2020, 01:42
1525
Бөлісу:
Павлодарда биыл жалпы ұзындығы 13,5 шақырым жылу желілері жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы құбырлардың тозу көрсеткіші 82%, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шаһар әкімі Ержан Иманслям атап өткендей, жөндеу жұмыстары кезінде бірінші кезекте ең қатты тозған желілер ретке келтіріледі.

Сонымен қатар, жөндеу кезінде құбырлар диаметрін арттыру да қолға алынуда. Бұл жаңадан қосылатын нысандарды жылумен қамтуға жол ашады. Жөндеу кезінде магистральді құбырларға ден қойылады, - дейді әкім.


"Павлодар жылу желілері" ЖШС бас директоры Марат Иманаев айтуынша, ұйым биыл бес шақырым желілер жөндеуді қолға алған. Бұл жеткіліксіз. 

Тозу көрсеткішін айтарлықтай қысқарту үшін биыл 20 шақырым құбырды жөндеу қажет болатын. Өздеріңіз байқағандай жөндеу көлемі жеткіліксіз. Осы орайда қала бюджетінен жөнделіп жатқан Маяковский-Абай көшелері қиылысында орналасқан ТМ-5 магистралі, Назарбаев-Торайғыров маңындағы сорғыш станциясы жағдайды едәуір жақсартты. Барлық жұмыстарды қосқанда биыл қалада 13,5 шақырым желі жөнделед, - Марат Иманаев.


Марат Иманаев айтқандай, құбырларды өте нашар күйін есептегенде "Павлодар жылу желілері" келер уақытта күрделі жөндеу жұмыстарының көлемін арттыруды жоспарлауда.

Бұл дегеніміз алдағы бес жылда жазғы күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі артып, жазда ыстық сумен қамтылатын үйлердің саны азаяды деген сөз. Бірақ қаладағы желілер тозу деңгейін тым болмағанда 50%-ға дейін қысқарту үшін мұндай жұмысты өткізу қажет, - дейді Марат Иманаев.



Өзгелердің жаңалығы