Павлодарда Азия елдерінің тиындары мен банкноттарының көрмесі ашылды

23 Ақпан 2021, 22:14
1153
Бөлісу:
Павлодарда Азия елдерінің тиындары мен банкноттарының көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Павлодар география үйі» ҚБ мен «QazaqGeography» 60-тан астам купюра ұсынды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Көрме келушілерді 25 мемлекетпен таныстырады. Бұл жерде бангладеш такасы, бутандық нгултрум, малайзиялық ринггит, мьянмалық кьят, лаостық кип. Таиландтан әкелінген баттар, түркиялық лиралар, вьетнамдық донги, қытайлық фендер, цзяо және юаньдар, комбоджалық риелилер де кездеседі. Суреттердің ұсақ бөлшектерін, тиындар мен бондардағы жазуларды көру үшін үлкейткіш әйнекті қолдануға болады.

Павлодарда Азия елдерінің тиындары мен банкноттарының көрмесі ашылды

«Павлодар география үйі» ҚБ-ның жетекшісі Александр Вервекинның айтуынша, алда фотосуреттер көрмесін ұсыну жоспарлануда.

Павлодарда Азия елдерінің тиындары мен банкноттарының көрмесі ашылды

Бұл ақшалар түрлі жолдармен жиналды. Әртүрлі елдерде жүргендіктен, өзіміз де әкелеміз. Кейбіреуін сыйлыққа алдық, ауыстырдық. Мен Өзбекстанның курсы аз болғандықтан өте көп купюра әкелдім. Бізде айналымнан әлі шықпаған ақшалар бар. Мұнда тек Азия елдерінің ақшасы ұсынылған, Еуропа, Африка немесе Америка елдерінің купюрасы жоқ, дегенмен біздің топтамамызда 115 елдің банкноталары сақталған, – деді Александр Вервекин.

Павлодарда Азия елдерінің тиындары мен банкноттарының көрмесі ашылды

Қызықты және әдемі көрме қонақтарға ақшаның көмегімен географияны, сонымен қатар экономикалық география сияқты ғылымды танып-білуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындары мен қонақтары экспозициямен танысқан соң Азияның көптеген елдері туралы көбірек білетін болады.

Өзгелердің жаңалығы