ІІМ қазақстандықтарға тіркей алмайтын автокөліктерді сатып алмау керектігін ескертті

21 Қаңтар 2020, 16:23
12697
Бөлісу:
ІІМ қазақстандықтарға тіркей алмайтын автокөліктерді сатып алмау керектігін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар тіркелмеген көліктер арқылы жасалатын қылмыстардың жиі кездесетінін айтты. 

Полицияға мұндай істерді шешу қиын, өйткені шетелдік көліктер Қазақстанда жиі тіркелмейді. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың айтуынша, Қазақстанда  тіркелмеген көліктер қылмыскерлер үшін оңай олжа болып отыр. Кісі өлтіру, ұрлық және тонау істерінде шетелдік нөмірі бар көліктерді жиі пайдаланады екен.
Егер шетел нөмірі бар автомобиль Қазақстанда ресми тіркелмеген болса, оның қатысуымен іс ашу қиынға соғады. Қылмыскерлер осындай көліктерді арнайы сатып алады. Бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасау, адам өлтіру мен тонау сияқты ауыр қылмыстар жасау фактілері тіркелді, - дейді Марат Қожаев.
Мысал ретінде Қожаев Павлодар облысындағы соңғы фактіні келтірді.
Үш отандасымыз Ресей Федерациясынан сақтандыру куәлігі арқылы арнайы ВАЗ 2106 көлігін сатып алған. Сөйтіп, сол көлікпен жергілікті кәсіпкерді ұрлап, тонап кетті. Сосын олар осы көлікті өртеп жібереді. Қылмыстарын осылайша жасыруға тырысқан. Бұған байланысты азаматтарымызды кез келген себеппен тіркей алмайтын автокөліктерді сатып алмау туралы ескертеміз, - дейді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы