Павлодарда «ASAR» IIІ республикалық форумы өтуде

21 Тамыз 2019, 17:23
2190
Бөлісу:
Павлодарда «ASAR» IIІ республикалық форумы өтуде
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында үкіметтік емес ұйым, бизнес және мемлекеттік үш жақты ынтымақтастығының «ASAR» республикалық форумы өтуде. Дәстүрлі шара үш сектор өкілдерінің басын қосты.

Форум жұмысы «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», «Жасыл» әріптестік форматындағы әлем», «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және «Инклюзивтік қоғам уақыты» атты төрт бағыт бойынша өрбіді. Соңғы тақырып қызу талқыланды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Education for all» қоғамдық бірлестігінің өкілі Камилла Ролланның айтуынша, бүгінгі күні адамдарды санатқа бөлмей, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға білім алуға бірдей жағдай жасау керек.

«Мемлекеттік деңгейде инслювизвті орта қалыптастыру, білім беру бойынша шаралар қолға алынған. Бірақ, ұлттық деңгейде емес. Орта қалыптастыру үшін заңнамалық база керек, адамдардың санасы да өзгеру керек. Оны дамыту үшін бизнес пен мемлекеттік секор атсалысу керек. Бұл - аса күрделі үрдіс», - дейді Камилли Роллан.

Форум қатысушыларының пікірінше, үш жақты әріптестік аясындағы бастамаларды жүзеге асыру әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға сеп. Бұл бағыт елімізде соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Бұл бағытта бизнес құрылымның үлесі болуы шарт. Қайырымдылық жасау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бұл секторға тиесілі.

«Менің атамекенім» қоғамдық бірестігінің өкілі Ермек Дүйсенхановтың айтуынша, бизныс субъектілер әлеуметтік бағытта да даму үшін жүйелі жұмыс атқарылуы керек.

«Біз бір жыл бұрын ұйыммен аттас портал құрдық. Мақсатымыз, көмектескісі келетін және көмек алғысы келетін екі тарапты байланыстыру. Іс нәтижесін берді. Бүгінгі күнге дейін 1 млрд теңгенің көмегі көрсетілді. Мысал ретінде, Арыс қаласында қалыпқа келтірілген 500 нысанды айта аламын. Кәсіпкерлер күш біріктіріп, жақсы істі қолға алды. Жуырда павлодарлық азаматша кедергісіз қозғалу үшін арба керектігін айтып, мәселесімен бөлісті. Көмекке келген кәсіпкре де табылды. Бизнесмен арба сатып алды. Ал арбаны сатқан мекеме жеңілдік жасады», - дейді Ермек Дүйсенханов.

Айта кетейік, әлеуметке бағытталған бизнес орта қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылында «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізіледі. Оқу материалында «Әлеуметтік бизнес» деген бөлім бар.

«Асар» форумының онлайн-тұғырнамасындағы әлеуметтік жобалар байқауына 144 өтінім түскен. Олардың ішіндегі 100 үздік жоба іріктелді.. Олардың үздіктері шараның екінші күні таныстырылады.

Өзгелердің жаңалығы