Павлодарда «Қанатты әлем» көрмесі ашылды

14 Сәуір 2019, 17:29
2349
Бөлісу:
Павлодарда «Қанатты әлем» көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласындағы Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында халықаралық құстар күніне арналған «Қанатты әлем» атты балалар суретінен көрме ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары көрмеге 50 жұмыс ұсынды.

«Олар өздерінің суреттерінде өңірде мекендейтін құстардың көрінісін жеткізе білді. Өте әдемі де, қызықты жұмыстар шықты. Олар өздерінің шығармашылық көзқарасымен, балалық таза түйсігімен,   таңдалған түстердің ашықтығымен көрерменнің назарын аударады. Әрбір жұмыс өзінше ерекше, сондықтан да суреттерге қарай отырып балалардың берілген тақырыпқа деген көзқарасын қадағалауға болады, - дейді Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жаппай-экскурсия жұмысы бөлімінің жетекшісі Надежда Майба.

Павлодарда «Қанатты әлем» көрмесі ашылды

Көрмеге қатысқан оқушылардың барлығы мұражайдың алғыс хатымен марапатталды. Кескіндеме, графика, монотипия сияқты техникада орындалған үздік жұмыстарды орындаған 10 оқушы жүлдеге ие болды. Ал, 3 оқушы 1 жыл ішінде мұражайды тегін келіп көру сертификатын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы