Павлодарда алименттік қарызы барлардың көліктері тартып алынуда

25 Ақпан 2019, 10:14
1859
Бөлісу:
Павлодарда алименттік қарызы барлардың көліктері тартып алынуда

Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемей жүргендермен күрестің нәтижелері туралы айтты. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Әлеуметтік желіде жазба қалдырған өңір басшысының айтуынша, осы аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі қойылған.

"Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты. Тағы бір борышкер қарызының орынына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады", - деді облыс әкімі.

Еске салайық, Болат Бақауов бір апта бұрын көпбалалы аналардың мәселесі бойынша өткен жиында алимент төлемей жүргендермен күресетіндігі жөнінде уәде берген болатын.

Сонымен қатар, облыс әкімі ешкім өз балалары алдындағы міндеттен құтылып кетпеуі үшін сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін шақыруды тапсырды.

Фото: toppress.kz


Өзгелердің жаңалығы