Павлодарда алаяқ келіншек ломбардқа төрт миллион теңге шығын келтірген

4 Ақпан 2019, 10:08
1934
Бөлісу:
Павлодарда алаяқ келіншек ломбардқа төрт миллион теңге шығын келтірген

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы ломбардтарының бірініде тергеу барысында полицейлер төмен сынамалы бұйымдарды көтеріңкі бағамен қарызға берген облыс тұрғынын анықтады. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты жазды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы келіншек алтын бұйымдардың сапасы төмен екенін біле тұра, жоғары сынамамен бағалаған. Бұйымдардың салмағын арттыра отырып, 620 900 теңге көлемінде қарыз берген.

«Артынан осы тәсілмен басқа да төмен сынамалы бұйымдарды көтеріңкі қарызға берген. Барлық кепіл бұйымдарды өзінің жолдасына рәсімдеген», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Ломбардқа келтірілген шығын көлемі - төрт миллион теңге.

Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы