Павлодарда «Қала келбеті» акциясы басталды

26 Ақпан 2019, 19:47
1574
Бөлісу:
Павлодарда «Қала келбеті» акциясы басталды

Астана, BAQ.KZ. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Қала келбеті» атты акция басталды.

Бұл туралы басқарманың бас маманы Жібек Жолшыбекова мәлім етті, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Жылдағы дәстүр бойынша бүгіннен бастап көшелердегі жарнамалардың қатесін анықтау мақсатында акция басталды. Оған облыстың кез-келген тұрғыны қатысып, ақпаратты фотосурет түрінде 2019 жылдың 20 наурызына дейін жібере алады. Ең көп фото ұсынған адамға басқарманың атынан алғыс хат пен ынталандыру сыйлығы табыс етіледі», - дейді Жібек Жолшыбекова.

Маманның айтуынша, өткен жылы қала тұрғындары 400-ден астам фотосурет ұсынған. Оның ішінде көбінесе орфографиялық қателер басым болады. Мұндай жағдайда мекеме иесіне тұрғындар тарапынан ұсынылған өтініш негізінде қатені түзету туралы ұсыным хат жіберіледі.

Акция барысында келіп түскен фотосуреттерді арнайы сараптамалық комиссия қарап шығады.

Өзгелердің жаңалығы