Павлодарда "Ақбоз үй" байқауы өтеді

4 Наурыз 2019, 15:43
4582
Бөлісу:
Павлодарда "Ақбоз үй" байқауы өтеді

Астана. BAQ.KZ. Наурыз мерекесінде киіз үйлер арасында ерекше байқау өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қаланың орталық алаңында киіз үй тіккен мекемелердің арасында "Ақбоз үй" қалалық байқауын жариялады

"Байқаудың мақсаты – қазақ халқының өткен тарихы мен тұрмыс-салтынан танымдық мағлұмат беретін киіз үй мен оның ішкі жабдықтарын көрнекі түрде көрсету. Осы арқылы қазақ халқының тәлім-тәрбиесін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнері мен мәдениетін насихаттау. Қазақ елінің өткен тарихы мен тұрмысының куәсі, киелі ордасы - киіз үйдің ішкі, сыртқы көркі, сәні және салтанатына сәйкес безендіру", - деді баспасөз қызметінде. 

"Ақбоз үй" киіз үйлер байқауына қатысушы киіз үй иелері киіз үйдің ішкі және сыртқы әсемдігінен өзге қонақжайлылық танытуға,  дастархан мәзіріне,  дәстүрлі Наурыз көжені әзірлеуге,  Наурыз бата беруге көңіл бөлуі тиіс. Конкурс қатысушылары киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары туралы  да жан-жақты білуі тиіс.

"Ақбоз үй" байқауының қорытындысы 2019 жылғы 22 наурызда, яғни Орталық алаңда өтетін Наурыз мерекесінде жарияланады. 
Өзгелердің жаңалығы