Павлодарда 70 көшенің жолы жөнделеді

17 Сәуір 2021, 11:40
1162
Бөлісу:
Павлодарда 70 көшенің жолы жөнделеді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Пaвлодар облысында көктемгі жол жөндеу науқаны басталды. Осы жылы облыс орталығындағы 70 көшенің aсфальт жабындысы қалыпқа келтіріледі.

Айта кетейік, көктем келісімен Пaвлодар қаласында шұрық-шұрық жолдар көбейіп кетті. Көлік жүргізушілері шағым айтып, наразылықтарын білдіріп жатыр. 

Сала мамандарының айтуынша, қар кетісімен жолдардың бұзылуының негізгі себебі - күтіп-баптау жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмеуі. Сонымен қатар қолайсыз ауа райының да салдары тиюде. 

Жол aктивтері ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының директоры Талғат Қaйратханның айтуынша, шаһардағы жолдардың бойында жырақтар пайда болған. Облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге битум қолданылады. Бұл материал аязға төтеп бере алмай, көктемде жарылып кетуі мүмкін. 

Қaр ерігенде жырақтардың ішіне су кіреді де, шұңқырлар пайда болады. Оның алдын алу үшін күтіп-баптау жұмыстарын күшейту керек. Жол жамауда «битумды мастика» материалын пайдаланса, асфальт жабындысы көпке сақталады. Алдағы уақытта біз мониторинг жасап, жолдардың жағдайын тексереміз. Жағдай жыл сайын қайталанбас үшін «мак-асфальтбетон» технологиясын қолдануды ұсынғымыз келеді. «Мфк» атты ұнтақ қосылған асфальт аязға төзімді келіп, жарықтар пайда болмайды. Бұл технология шетелдерде кеңінен таралған, - дейді Талғат Қайратхан. 
Өткен жылы Павлодардың 40-қа жуық жол учаскесі ретке келтірілген. 
Осы аптада қыста коммуналдық апат кезінде бұзылған жол учаскелері жөнделе бастады. Тиісті жұмыстар 17 жерде жүргізіле бастады. Бұл бағыттағы шаралар жіті бақылауда болады. Былтыр Павлодарда бас-аяғы 65 шақырым жол жөнделген болатын, - дейда Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта тазалық айлығы жүріп жатыр. Науқан шеңберінде аялдамалар жөнделіп, жол белгілері қалыпқа келтіріледі. Сонымен қатар ағаштар мен көшеттер қиылып, шағын сәулет формалары жаңартылады.


Өзгелердің жаңалығы