Павлодарда «7-20-25» бағдарламасымен 800-ден астам жас баспаналы болған

11 Қыркүйек 2019, 20:22
1184
Бөлісу:
Павлодарда «7-20-25» бағдарламасымен 800-ден астам жас баспаналы болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ-да есепшоттары ашылған жас отбасылардың жалпы саны артуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

«Бүгінгі таңда олардың саны 16837 адамды құрады. Бүгінгі күні «7-20-25» бағдарламасы аясында 839 жас тұрғын үйге ие болды. 2019 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ арқылы 258 жас отбасы баспанаға қол жеткізді. Сондай-ақ, 342 жолдама қаланың қаржы бөлімімен төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін берілді. Оның ішінде банк 163-і бойынша бас тартып, 179-ы қабылданған», - деді қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйля Ахметова. 

Бөлім басшысының айтуынша, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдірген жастар үшін екінші деңгейлі банктермен түсіндіру алаңдары ұйымдастырылады. 

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер қызметкерлерінің қатысуымен диалог алаңы форматында кездесулер өткізіледі. 

Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу бойынша жастар бастамаларын дамыту орталығы 5 мыңнан астам онлайн және жеке кеңес өткізген.

Өзгелердің жаңалығы