Павлодарда 2020 жылы жаңа автобустар сатып алынады

24 Қаңтар 2020, 12:10
1238
Бөлісу:
Павлодарда 2020 жылы жаңа автобустар сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде аталмыш жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Павлодар әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, соңғы 5 жыл ішінде қалалық жолаушылар тасымалдаушы фирмалар барлығы 79 жаңа автобус сатып алған. - Биыл біз бұл жұмысты жалғастырмақпыз. 2020 жылы жаңа 15 автобус сатып алу жоспарлануда. Қазіргі кезде бұл жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, - деді Қайрат Нүкенов. 
Сонымен бірге, "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың жүрісіне ыңғайлы 21 жаңа төмен еденді трамвай сатып алып, барлық жылжымалы құрамын 40%-ға жаңартты. Оған қоса, аталған ұйым трамвай жолдары мен өткелдерді модернизациялауды жалғастыруда. Осы мақсатқа құны 60 миллион теңгелік дәнекерлеуші аппарат сатып алынды. Соның арқасында трамвай жолаушыларының жол жүрулері барынша қолайлы болмақ.

Сондай-ақ, Достық мөлтек ауданындағы тұрғын үй құрылысына байланысты трамвай басқармасы вагондар жүрісінің маршрутын Ладожская көшесінен әуежай маңындағы айналмалы жолға дейін ұзартуды көздеуде. Қазіргі кезде осыған қатысты жобалық-сметалық құжаттама даярлануда. Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің сөзіне қарағанда, құжаттар биылғы жылдың мамыр айында дайын болады. 

Өзгелердің жаңалығы