Бас жаңалықтар
Павлодарда 200 орындық студенттер жатақханасының құрылысы аяқталады
11 Қыркүйек 2019, 22:01 105

Павлодарда 200 орындық студенттер жатақханасының құрылысы аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың қазан айында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде 200 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2019-2021 жылдарға арналған Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджетіне өзгерістерді бекітуге арналған кезекті сессиясында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйля Ахметова айтты.

«Облыс орталығында колледж және университет студенттері үшін 2994 орындық 10 жатақхана бар. 2020 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-да С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 600 орындық жатақханасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, № 34 мектеп аумағында ПМПУ студенттері үшін 300 орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда», - дейді Нәйля Ахметова. 

Павлодар қаласында 2019-2020 оқу жылының басына 14-18 жас аралығындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының саны 13 388 адамды құрады, ТжКБ оқушыларының саны – 18 345 адам, ЖОО студенттерінің саны – 15 000 адамнан астам.

Облыс колледждерінде мемлекеттік грант бойынша 12 614 студент, ЖОО-да 4846 студент, облыс әкімінің гранты бойынша 231 адам оқиды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында Жетекші ауылында 2 педагог жіберіліп, 70 АЕК мөлшерінде (2018 жылы Кенжекөл ауылында 1 қатысушы) жәрдемақы төленген.

«Жас маман» жобасы шеңберінде өңірдегі ТжКБ ұйымдары анықталып, аталған оқу орындарының базасында қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

Загрузка...

Сізден жаңалық