Бас жаңалықтар
Павлодарда 173 көлік айыппұл тұрағына қойылды
26 Қаңтар 2021, 01:34 356

Павлодарда 173 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 173 автокөлік айыппұл тұрағына тоғытылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Павлодар қаласының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, нәтижесінде екі күннің ішінде облыс тұрғындарының 21 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. 

Олардың ішінде көлік жүргізуді үйренбеген және жүргізуші куәлігін алмаған жеті тұрғын көлік тізгініне отырған, бұл өрескел құқық бұзушылық болып табылады және түзеуге келмейтін салдарларға әкелуі мүмкін. 

Бес жүргізушіде тиісті құжаттар болмаған, ал төрт жүргізуші мас күйінде көлік құралдарын жүргізген, осылайша олар өз өмірлеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірлеріне қауіп төндірген.

Көлік басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік айдау фактілері де бар. Мәселен, 2021 жылғы 22 қаңтарда Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының инспекторлары Н.Назарбаев даңғылы мен Ладога көшесінің қиылысында көлік тізгінінде отырған павлодарлық азаматты ұстады, ол көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, тыйымды елемей, көлікпен жүрген. Аталған факт бойынша облыстың 21 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, ауыл тұрғыны 2028 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов. 

Айта кету керек, жыл басынан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 173 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

Полицейлер облыс тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...